Колледжбен көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды түрде алу жолдарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

09.02.2022ж. Жол-көлік колледжінің медиа-залында оқу топтары старосталарына колледжбен көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды түрде алу жолдарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. «Ақпараттық технологиялар және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Е.Тәліп студенттерге колледжбен көрсетілетін алты мемлекеттік қызметтің әрқайсына жеке тоқталып, олар қай уақытта қажет болатынын айтып өтті. Компьютерлік техникалар инженері С.Әділұлы оқушыларға «SmartNation College» платформасында мемлекеттік қызметтерді электронды алу жолдарын түсіндірді. Оқушылар түсінбеген сұрақтары бойынша сұрақтар беріп, қанағаттанарлық жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған