Колледждің «Креативті жастар» үйірме жұмысының жоспары бойынша физика пәні оқытушысы А. Наурызбаеваның жетекшілігімен «Магнит өрісі» тақырыбында үйірме сабақ өткізілді. Үйірме барысында үйірмешілер сабақта белсенділіктерін көрсетіп, топтық жұмыстарда білімдерін шыңдап, сабақтың қызықты өтуіне өздерінің үлестерін қосты.
ЖАС ТЕХНИК-МЕХАНИК» ҮЙІРМЕСІ
Колледждің «Жас техник-механик» үйірме жұмысының жоспары бойынша арнайы пән оқытушысы К.Жүнісовтің жетекшілігімен «Қозғалтқышты бөлшектеу» тақырыбында өткізілген үйірмесі
«ЦИФРЛЫҚ ГРАФИКА» ҮЙІРМЕСІ
Жол-көлік колледжінде 2023 жылдың 9 қазан күні «Цифрлық графика» үйірмесінде сызу пәні оқытушылары С.Утемалиев, Э.Умирбекова. Б. Кожакулова бәсекеге қабілетті жастарды дайындауда цифрлық графиканың алатын орнын түсіндіріп, үйірмеге қажетті аспаптар мен жабдықтардың, компьютер мен құрылғыларды дұрыс пайдалануды үйретіп, жасалынатын макеттің жобасын жасаудағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырды
«ЖАС ИНСПЕКТОР» ҮЙІРМЕСІ
Колледждің «Жас инспектор» үйірме жұмысының жоспары бойынша жол қозғалысы ережелерін сақтау пәні оқытушысы Г. Молдабек «Жол белгілері және таңбаларының жіктелуі және көліктік бағдаршамның типтері» тақырыбында үйірме сабағын өтті.
Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындырды. Жол қозғалыс ережесін сақтап, абай болуды талап етті.
«ЖАС СИГНАЛИСТ» ҮЙІРМЕСІ
Колледждің «Жас сигналист» үйірме жұмысының жоспары бойынша арнайы пән оқытушысы З. Шамшиметов жетекшілігімен «СП-6 электржетегіне техникалық қызмет көрсету» тақырыбында өткізілген үйірмесінен фоторепортаж ұсынамыз.
5.10.2023 ж. күні Колледждің «Тарихи мұра» үйірме жұмысының жоспары бойынша тарих пән оқытушысы А. Бекболат қазақ ауыз әдебиетінің алтын өзегі батырлар жырын жастар арасында дәріптеу, өскелең ұрпақтың ұлттық рухын көтеру, оқушылардың белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ОДД-9-231, ОДД-9-232 топтарының қатысуымен «Қазақ батырларының жырын оқу» тақырыбында үйірме өтті
Previous
Next