Previous
Next
21.10.2022ж. Колледждің медиа-залында колледж қамқоршылық кеңесінің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес кезекті ІІІ мәжілісі өткізілді. Мәжілісті қамқоршылық кеңес төрағасы Х.Сәрсенов ашып, күн тәртібін бекітуді ұсынды. Одан соң күн тәртібіне сәйкес сөз алған колледж басшысы Г.Ү.Искакова қамқоршылық кеңес мүшелерін колледждің 2022-2023 оқу жылында жоспарлап отырған іс-шараларымен таныстырып өтті. Мәжілісте директордың оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар сөз алып, өз салалары бойынша атқарылған және атқарылатын іс-шаралары жөнінде баяндады. Ата-аналар атынан қамқоршылық кеңес мүшесі C.Абусейітова сөз алып, колледжде атқарылып жатқан іс-шараларға оң бағасын беріп, колледж ұжымына табыс тіледі