Колледждің белсенді студенттері Ел ордасы – Нұр-сұлтан қаласында!

01.14. – 06.04.2019ж. күндері аралығында Жол – көлік колледжінің 2017-2018 оқу жылының рейтинг көрсеткіші негізінде үздік деп танылған ТМ-9-171 оқу тобы мен колледждің белсенді студенттері Ел ордасы – Нұр-сұлтан қаласына саяхатпен барып қайтты. Мұндай іс-шара Жол-көлік колледжінің оқу топтары арасында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Іс-шараның басты мақсаты: студенттердің білім сапасы мен белсенділігін арттыру болып табылады. Топ студенттерінің білім сапасына, үлгеріміне, қоғамдық жұмыстарға және мәдени іс-шараларға, т.б. рейтинг көрсеткіштеріне сүйене отырып, «үздік» деп танылған топ студенттері колледждің арнайы есеп-шотының есебінен жыл сайын Ел ордаға саяхаттап қайтады. Колледж студенттері Нұр-сұлтан қаласын аралап, мәдени орындармен: «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Келісім және бейбітшілік сарайы, «Бәйтерек» монументі, Мұхитаралына, Ұлттық мұражай, т.б.көрікті жерлерімен танысып, үлкен әсер алып қайтты. Сонымен қатар, бұл сапарға 2017-2018 оқу жылында Жол-көлік колледжі Өзбекстан Республикасы Ташкент автомобиль жолдары кәсіптік колледжімен екі ел арасындағы ынтымақтастық және кәсіби-техникалық білім беру саласын нығайту, өзара тәжірибе алмасу мақсатында қол қойған Меморандум негізінде Ташкент автомобиль жолдары кәсіптік колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Тулағанов та Нұр-сұлтан қаласына барып, ел тарихымен танысып қайтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған