КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Абай ауданы жастар ресурстық орталығы мен Абай ауданы жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінің бітіруші түлектеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔹 Іс-шараның мақсаты бойынша орта арнаулы оқу орнындағы бітіруші мамандық иелеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша толыққанды ақпараттар берілді.
Кездесуге Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімінің мамандары және Жол көлік колледжінің бітіруші студенттері қатысты.
Аталмыш шарада жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орындары» мемлекеттік бағдарлама бойынша колледж түлектеріне бағдарламаның тиімділігі мен талаптарын түсіндіріп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған