Кіші футболдан колледжішілік жарыс

Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Кубок жарысына дайындық мақсатында және «25 қазан – Республика күніне» орай, колледж топтары арасында кіші футболдан колледжішілік жарыс болып өтті. Жарыс нәтижесінде ОПУАТ9-221, ТМ9-213 топтары сәйкесінше жүлделі ІІ-ІІІ орындарды бөліссе, І орынға ТМ9-222 тобы ие болды.
Жеңімпаздарды жүлдесімен құттықтап, қала әкімінің Кубогінде сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған