Күз сиқыры

01.10.2019ж. күні Жол-көлік колледжінің жатақханасында колледж студенттерінің ұйымдастыруымен «Күз сиқыры» тақырыбында керемет сайыс кеші өтті. Бес кезеңнен тұратын сайысқа үш топ қатысып, өз өнерлерін паш етті. Аталмыш сайысқа колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов, педагог-психолог Т.Мұса, қыздар кеңесінің төрайымы А.Мамырханова мен жатақхана тәрбиешісі Б.Төлеуова қатысып, әділ қазылық етті. Сайысқа қатысушы студент жастар көрермендеріне ән мен биден шашу шашып, қуанышты көңіл-күй сыйлады. Сайыс соңында жеңіске жеткен топ марапатталып, көңілді би кешіне ұласты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған