22.02.2023ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сәйкес «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында арнайы мамандармен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция капитаны Т.Дүйсенов, майор Н.Бакиров, аға лейтенант Н.Молдыбаев қатысып, жасөспірімдердерді құқық бұзушылық туралы заңнаманың баптарымен таныстырды. Кездесу барысында студенттер сұрақтарын қойып, мамандармен кері байланыс орнатты