«Кәсіптік білімді жаңғырту» тақырыбында аралас (офлайн және онлайн) форматта өңіраралық семинар өтті.

2023 жылдың 29 наурызында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Жол-көлік колледжінде «Кәсіптік білімді жаңғырту» тақырыбында аралас (офлайн және онлайн) форматта өңіраралық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіби білімді жаңғырту мәселелерін талдау.
Аталмыш семинарға «Талап» КЕАҚ Стратегиялық жоспарлау, жобалар және IT қамтамасыз ету басқармасынан – Жанайдаров Нұрдаулет Даулетбекович, Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Өткелбаев Мақсат Дүйсенбекұлы, Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы Жанәділов Талғат Оразбекұлы, сонымен қатар Жол-көлік колледжінің өзара әріптестік тәжірибе алмасу мақсатында Меморандумға тұрған әріптестері – «Жамбыл индустриалды-техникалық колледжі» (МКҚК) мен Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы көлік- техникалық жоғары колледжінен», сондай-ақ, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен әлеуметтік серіктестері қатысты.
Семинар соңында белсене қатысқан қатысушылар Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған