«Кәсіп үздігі» байқауы

26.04.2022ж. 07320700-«Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» мамандығының «техник-құрылысшы» біліктілігі бойынша білім алушылары арасында «Кәсіп үздігі-2022» колледжішілік байқауы өтті. Сайыс кәсіби құзыреттер және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен талаптарына сәйкес практикалық модульдерден тұрды. Сайыс нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен Даниярбек Нұрсұлтан, ІІ дәрежелі дипломмен Есіркеп Темірлан, ІІІ дәрежелі дипломмен Оңғар Әліби марапатталды. Қалған қатысушыларға колледж директорының «Алғыс хаты» табысталды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған