

























23.04.2021ж. күні Жол-көлік колледжінде дәстүрлі түрде өтетін «Кәсіп үздігі -2021» байқауы бастау алды. Студенттерді кәсіби-білікті маман ретінде қалыптастыратын және шеберлік дағдыларын дамытатын бұл байқау, «WorldSkills» ұлттық халықаралық чемпионатының талаптарына сәйкес жүргізіледі. «Кәсіп үздігі -2021» байқауының жоспарына сәйкес, бірінші күні 1410000 – «Автомобиль жолдары мен аэродромдардың құрылысы» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер өзара сайысқа түсті. Байқау сарапшылары – үздік нәтиже көрсетіп, шеберлігімен көзге түскен студенттерге жүлделі орындар тағайындап, колледж директорының арнайы Дипломымен марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды– В. Мартынов, ІІ орынды – Н.Серік , ІІІ орынды – Е.Сайфидин иеленді.
27.04.2021ж. күні Жол-көлік колледжінде дәстүрлі түрде өтетін «Кәсіп үздігі-2021» байқауы жалғасын тапты. Байқау жоспарына сәйкес, бұл күні 1203000 – «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы және 1402000 – «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер өзара сайысқа түсті. Байқау қорытындысы нәтижесінде 1203000 – «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша жүлделі І орынды– Абылай Әуелбек, ІІ орынды – Әлмағамбет Еркебұлан, ІІІ орынды – Боранбай Бақдәулет иеленсе, 1402000 – «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша жүлделі І орынға – Бухарбаев Еламан, ІІ орынға –Әбдірахман Самат, ІІІ орынға – Сәкен Акжан ие болып, колледж директорының арнайы Дипломымен марапатталды
28.04.2021ж. күні Жол-көлік колледжінде дәстүрлі түрде өтетін «Кәсіп үздігі-2021» байқауы жалғасын тапты. Байқау жоспарына сәйкес, бұл күні 1202000 – «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» және 1206000 – «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандықтары және 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер өзара сайысқа түсті. Байқау қорытындысы нәтижесінде 1202000 – «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» және 1206000 – «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандықтары бойынша жүлделі І орынды– Айтбай Құдияр, ІІ орынды – Талап Әлибек, ІІІ орынды – Жаңабай Нұрсұлтан иеленсе, ал 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша жүлделі І орынға– Корчубаев Фарух, ІІ орынға – Кәрібай Заңғар, ІІІ орынға – Жұмахан Аслан ие болып, колледж директорының арнайы Дипломымен марапатталды.
29.04.2021ж. күні Жол-көлік колледжінде дәстүрлі түрде өтетін «Кәсіп үздігі-2021» байқауы жалғасын тапты. Байқау жоспарына сәйкес, бұл күні 1303000 – «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер өзара сайысқа түсті. Байқау сарапшылары – үздік нәтиже көрсетіп, шеберлігімен көзге түскен студенттерге жүлделі орындар тағайындап, колледж директорының арнайы Дипломымен марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды– Аязбай Төрегелді Медетұлы, ІІ орынды – Кеназбаев Жанбулат Бастаруғли, ІІІ орынды – Акмалов Асатбек Мейманханович иеленді