SERVICE MASTER JUNIOR 2021 «АВТОМОБИЛЬНЫЙ ТЕХНИК»-халықаралық байқауында студенттеріміз жеңіске жетті

22.04.2021ж күні Жол-көлік колледжінде SERVICE MASTER JUNIOR 2021 «АВТОМОБИЛЬНЫЙ ТЕХНИК»-халықаралық байқауының І іріктеу кезеңі өткізілді. Байқауға қатысқан 30-студенттің арасынан Тасқұл Еркебұлан, Байрам Алихан және Асанов Қуаныш ең үздік деп танылып, ІІ-кезеңге , яғни республикалық чемпионатқа жолдама алды. 27.04.2021ж күні онлайн форматта өткен республикалық байқауда колледждің 3-студенті командалық топ ретінде, осындай 27-командалық топтан оза шығып, республикалық байқауда Жол-көлік колледжінің намысын қорғап жүлделі І-орынды иеленді. Алдағы, 18.05.2021ж күні өтетін халықаралық байқауда Тасқұл Еркебұлан, Байрам Алихан және Асанов Қуаныш Жол-көлік колледжінің атынан топтық құрамда бақ сынасатын болады. Колледждің топтық құрамы Тасқұл Еркебұлан, Байрам Алихан және Асанов Қуанышқа жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы кезеңге сәттілік тілейміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған