«Мамандығым-кәсібім» тақырыбында онлайн және офлайн форматта студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2021 жылдың 26 ақпанында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Жол-көлік колледжінде «Мамандығым-кәсібім» тақырыбында онлайн және офлайн форматта студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Халықаралық деңгейде өткен конференцияға ҚР БжҒ министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбековна, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы, «WorldSkills Kazakhstan» қозғалысын дамыту департаментінің директоры Татибеков Санжар Меирханович, сонымен қатар Жол-көлік колледжінің өзара әріптестік тәжірибе алмасу мақсатында Меморандумға тұрған шетелдік әріптестеріміз – Өзбекстан Республикасынан «Ташкент автомобиль жолдары» техникумы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Миршахуджаев Сабит Абиджанович пен Қырғызстан Республикасынан Бішкек қаласындағы № 97 кәсіптік теміржолшылар лицейінің директоры Пусурманкул Айзат ханым онлайн форматта қатысып, баяндамаларын оқыды.
Халықаралық конференцияға Ресей Федерациясынан Ковров транспорттық колледжі, Новосибирск теміржол көлігі техникумы, Самара мемлекеттік жоғары университеті және ҚР ТжКББ ұйымдары – М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясына қарасты Ақмола колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінен, сонымен қатар Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты ТжКББ ұйымдарынан студенттер қатысып, ғылыми жобаларын қорғады. Үздік деп танылған ғылыми жобалардың жетекшілері мен студенттері арнайы Диплом және Алғыс хаттармен марапатталды.
Конференция карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған