Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылау

09.09.2022ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында 1 қыркүйек күні Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылау болып өтті. Талқылауға «Amanat» партиясының Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Бертаев, колледж директоры Г.Ү.Искакова, «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрайымы, №23 ЖОМ директоры Жанар Жорақызы Тойлыбаева, колледж оқытушылары мен қызметкерлері, студенттер қатысты. Колледж директоры Г.Ү.Искакова баяндама жасап, жарыссөзге «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрайымы, №23 ЖОМ директоры Жанар Жорақызы мен Есімхан Бертаевтар шығып, Жолдаудың маңыздылығын тағы бір пысықтап түсіндірді. Жиын соңында «Amanat» партиясына жаңадан қабылданған оқытушыларға партия билетін салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған