Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті, әрі ерекше айы мың айдан да қадірлісі– Рамазан! Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы, айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі, ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші, Хақ Тағаланың мейірім-шарапаты ерекше асып-тасатын айрықша мүбәрак ай. Осындай айрықша шапағатқа ие – иісі мұсылманның ұлық мерекесі Рамазан айы басталғанда жер -жаһандағы күллі жамағат ниет етіп, ауыз бекітеді. Ауыз бекітіп, нәпсіні тиюмен бірге, сауапты іс жасап, қайырымды болғанның орны әрине бөлек! Осындай , игі іс-шараларды үнемі ыждағатты ықыласпен атқарып отыратын Жол-көлік колледжінде бүгін де, қайырымды игі бастама өтті. Шарапаты мол қайырымды істі- колледжде ұзақ жылдар абройлы қызмет атқарған: ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім саласының құрметті қызметкері» Төс белгісінің, «ҚР Егемендігіне 25 жыл» Медалінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Төс белгісінің, «Оңтүстік Қазақстан облысына еңбегі сіңгені үшін» Медалінің, «Ы. Алтынсарин» Төс белгісінің иегері Сарғалдақов Қыдырбай Төлепбергенұлы көрсетті. Биыл зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаз күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікпен бірге құрбандық шалып, көмекке мұқтаж жандарға таратты. Игілікті іс-шараға Д. Қонаев атындағы мешіттің діни өкілі қатысып, Рамазан айында жасалатын қайырымды істер мен Рамазанның шарттары жөнінде түсінік беріп, Құран бағыштады