«ОЗАТ ТОП» ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АСТАНАСЫ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНА САЯХАТТАДЫ

Жол-көлік колледжінің оқу-тәрбиелік комиссиясы шешімінің 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қорытындысымен дәстүрге айналған «ОЗАТ ТОП» рейтингісі анықталды. Рейтинг нәтижесі бойынша топтар арасынан бір жыл бойы сабаққа қатысымы, сабақ үлгерімінен жоғары ұпай жинаған, барлық іс-шараларға жауапкершілікпен белсене қатысқан
ОПУАТ-9-221 топ оқушылары (топ жетекшісі: А. Тулюмбетова) 2023 жылдың 20-21 қазан күндері көршілес Өзбекстан Республиканың Ташкент қаласына саяхаттады.
Саяхаттың алғашқы күнінде Tashkent cityді тамашалап, кешкі салқында Magic city орталығына барды. Саяхаттың екінші күнінде Ice City Tashkent мұз сарайына, Чорсу орталық базарына, кешкісін Besh Kazan палау орталығында болды. Шахардың тазалығы, ағаштардың биіктігі, көшелердің кеңдігі көз тартады, туристтерге деген көзқарасы тамсандырды. Көршілес елге саяхат жасаған Жол-көлік колледжінің студенттері алған əсерлерімен бөлісіп, Отанымызға жаңа шабытпен оралды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған