Отбасылық зорлық-зомбылық

23.01.2020ж. күні Жол-көлік колледжінде ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары және Шымкент қалалық сотының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы Омарова Айгерім Зұлқайнарқызы «Отбасылық зорлық-зомбылық» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Аталған жиын барысында колледж студенттеріне отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша тиімді, кешенді жұмыстардың жүргізіліп жатқанына тоқталып, орын алатын құқық бұзушылық жағдайында тиісті шаралардың заң шеңберінде жүргізілетіні айтылды.
Кездесу соңында студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға судья тарапынан кең көлемде мағлұматтар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған