«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ»

27.04.2022ж. Колледждің мәжіліс залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сәйкес «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында полиция қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары, психолог-мамандар мен колледж студенттері арасында кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент ҚПД ЖПҚБ ӘЗЗҚТ аға инспекторы, полиция майоры В.Умаргазиева, Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ, полиция лейтенанты Е.Сабиралиев, Шымкент ҚПД Абай АПБ ӘЗЗҚТ инспекторы, полиция майоры Г.Бектемисова және полиция капитаны П.Маймакова, Шымкент қалалық №3 арнаулы әлеуметтік көмектер көрсету орталығы маманы Г.Моминова, психолог Б.Турлыбековтер қатысып, студенттерге отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы, оның қоғамға келтіретін залалы жайында кеңірек түсіндірме беріп өтті. Жиын соңында келген қонақтар студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған