«Оқуға құштар колледж» жобасының жұмысы қорытындыланды

24.05.2023ж. Колледж Презентация залында «Оқуға құштар колледж» жобасының жұмысы қорытындыланып, рухани қазына – кітап әлеміне қызығушылығын оятып, ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлін жеткізе білген үздік іс-шара ұйымдастырушысы, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында білім алушылардың білім-ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние – көркем әдебиетке деген ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік буктрейлер» бейнебаянын дайындағаны үшін бейнебаян жетекшілері, білім алушыларға үлгі- өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі – кітап әлеміне деген қызығушылығын ояту мақсатында дәстүрлі түрде өтетін колледжішілік «Үздік оқырман» жобасының белсенді оқырмандары марапатталып,кітап сыйлыққа берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша үздік ұйымдастырушылар болып колледж оқытушылары Г.Ходжаева мен Э.Танирбергенова, «Үздік буктрейлер» жетекшісі бойынша колледж оқытушылары Қалдыбаева Д, Болысбаева С, Бердибаева Г ,Айнакулова А. марапатталса, «Үздік оқырмандар» болып, ТМ9-222 тобының студенті Тоқбергенов Саят, АЭ9-225 тобының студенті Өмірзақ Ернар, ТМ9-223 тобының студенті Турсынбаев Рақымжандар табылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған