«Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу» тақырыбында семинар өтті.

12.02.2022ж. күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Жол-көлік колледжі» МКҚК-да «Талап» КЕАҚ және «Өрлеу» БАҰО-дан біліктілікті арттыру курсынан өткен оқытушылардың педагогикалық озық тәжірибелерін тарату мақсатында «Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу» тақырыбында семинар өтті. Семинарды колледж директоры Г.У.Искакова ашып, іс-шараның мақсаты мен міндетін айтып, маңыздылығына тоқталды. Аталмыш семинарға «Талап» КЕАҚ педагогикалық шеберлік орталығының бас менеджері Ж.С.Фазылбаева, «Талап» КЕАҚ педагогикалық шеберлік орталығының бас тренері Д.Б.Баумуратова және ШҚ Білім басқармасы ТжКББ бөлімінің бас маманы Ж.Б.Алтаева ZOOM бағдарламасы арқылы қатысып, өткізілген іс-шараға жақсы пікірлерін айтып, оң бағасын берді. Іс-шара барысында колледж кітапханасына жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде жалпыбілім және арнайы пәндер бойынша алынған оқулықтар мен электронды оқулықтар және колледж оқытушыларының түсірген бейнесабақтарынан көрме ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған