16.02.2022 ж. Колледждің презентация залында оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподақ комитетінің жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіне ұжымдық шартты талқылап, қабылдау, кәсіподақ жарнасының есебі, әр түрлі мәселелер қойылып, қаралды. Кәсіподақ мүшелері ұжымдық шартты қабылдауға, бекітуге бірауыздан ұсыныс берді. Колледж жарнасының есебіне қанағаттанатындарын жеткізді. Кәсіподақ комитетінің мүшелеріне осы қарқында жұмысын жалғастыра беруіне тілек қосты.