1410013 – құрылысшы-техник мамандығын бітіруші түлектерге диплом беру рәсіміне арналған мерекелік салтанатты кеш өтті

16.02.2022ж. күні Жол – көлік колледжінде 1410000 – Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы (біліктілігі: 1410013 – құрылысшы-техник) мамандығын бітіруші түлектерге диплом беру рәсіміне арналған мерекелік салтанатты кеш өтті. Салтанатты кешті колледж директоры Гүлзат Үкібайқызы ашып, бітіруші түлектерді маман атанып, диплом алуымен шын жүректен құттықтап, ақ жол тіледі. Салтанатты кешке ата – аналар да қатысып, ұстаздарға деген ыстық лебіздері мен алғыстарын білдіріп, түлектерге алған дипломдарының жемісін көруін тіледі. Диплом беру рәсімі колледж студенттерінің ұйымдастырған мерекелік концертіне ұласты.
Жаңа өмірге басқан қадамдарың сәтті болсын, Жас түлектер!!!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған