2023 жылдың 21 қазан күні Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Жол-көлік колледжі МКҚК акт залында педагогикалық озық тәжірибелерді тарату мақсатында «Педагогтердің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру – білім сапасын көтерудің негізгі шарты» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты:
– Оқу сабақтарын жобалауда жаңа тәсілдерді қолдану бойынша әріптестермен өзара тәжірибе алмасу.
– колледждің білім беру үдерісінде заманауи технологияларды қолданудағы педагогтердің ынтасын арттыру.
– білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінде колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Семинарда алғашқы сөз кезегін колледж директоры Г.Ү.Искакова алып, қатысушы оқытушыларға білім мен тәрбие беру жұмысының нәтижелі болуы үшін жан-жақты ізденіп, өз іс-тәжірибесімен алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін терең меңгерген білікті де білімді оқытушылар: У. Бекмуратова «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін қажетті нормативтік құжаттармен таныстыру», Ж. Кененбаев «Оқыту нәтижелерін және бағалау критерийлерін әзірлеудің заманауи тәсілдері», М. Джундубаева «Кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық технологиялар», Б. Ермаханов «Білім беру процесіндегі ақпараттық-комуникациялық технологиялар», А. Айнакулова «Сабақ барысында қолданатын тапсырмаларды дайындау кезеңдері», Р. Найманбаева «Тыңдалым,оқылым және жазылым дағдыларын дамыту»,
Ж. Айнабекова «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»,
З. Шамшиметов «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бағытындағы бұйрықтарға енгізілген өзгерістерді таныстыру» тақырыптары аясында теориялық және практикалық тұрғыда шеберлік сабақтарын өтіп, диалог алаңында еркін пікір алмасты.
Іс-шара соңында колледж әдіскері Ф.Тургумбаева әдістемелік кеңестер берді. Қатысушы оқытушылармен кері байланыс жүргізіп, оқытушылардың біліктілігін арттыру, заманауи сабақты әзірлеу кезіндегі проблемаларды шешу, оқушыларды оқуға қызықтыру, саралау, күрделі мақсаттар, т.б. тақырыптар негізінде сұрақтар қойылып, кеңінен талқыланды.
Previous
Next