Пшеничный Александр Анатольевич

Өрлеу кезеңі

Пшеничный Александр Анатольевич 1947 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Ұлты орыс. 1965 жылы №1 Жұмысшы жастар кешкі мектебінің 11-сыныбын бітірген. 1971 жылдан бастап КПСС мүшесі болған. 1966-1970 жылдары Шымкент педагогикалық институтында оқып, тарих пәнінің оқытушы мамандығы бойынша бітірген. Александр Анатольевич жұбайы Людмила Ивановна екеуі  2- ұл, 1-қыз тәрбиелеп, өсірді.

Еңбек жолы

Алғашқы мектеп жолын 1965-1966 жылдар аралығында Шымкент қалалық №8 орта мектебінде оркестр жетекшісі қызметінен басатап:

-1970-1971 ж.ж аралығында Шымкент қалалық №36 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі;

– 1971-1976 ж.ж аралығында Автомеханикалық техникумда тарих пән мұғалімі;

– 1976-1978 ж.ж аралығында Қазақстан комунистік партиясы Абай аудандық комитетінің үгіт-насихат бөлім нұсқаушысы;

  -1978 қаңтар-1978 қыркүйек айлары аралығында Қазақстан комунистік партиясы Абай аудандық комитетінің үгіт-насихат бөлім меңгерушісі;

  -1978-1980 ж.ж аралығында  Қазақстан компартиясы облыстық комитеті ғылым және оқу орындары бөлім  нұсқаушы;

-1980-1988 ж.ж аралығында Автомеханикалық техникумының директоры қызметін атқарған;

-1988-1989 ж.ж аралығында Автомеханикалық техникумында тарих пәнінің  оқытушысы болды.​