«Саналы ұрпақ» фронт-офисінің жетекшісі Қ.А.Токушев колледжде

23.01.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты колледждерде «Білім беру мекемелерінде парасаттылық пен адалдық қасиеттерді қалыптастыру» аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, колледж басшылары, орынбасарлары, студенттер мен БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Аталмыш іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің жетекшісі Қ.А.Токушев, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысының орынбасары Ғ.Т.Нысанов, бөлім басшылары М.А.Елекеев, Ж.Б.Алтаева қатысты. Келген қонақтар колледж фойесіне қойылған көрмемен, «Саналы ұрпақ» фронт-офисімен және «Адалдық» дүкенінің жұмыстарымен танысты. Іс-шара соңы студенттердің дайындаған концертіне ұласты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған