Сейтжанов Керімжан Сейітжанұлы

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ КЕЗЕҢІ

Сейтжанов Керімжан Сейтжанұлы 1946 жылы 21 тамызда  Отырар ауданы  Шілік ауылындадүниеге келген.1962 жылы «Темір» орта мектебін бітірген. Керімжан Сейтжанұлыжұбайы Ұлжан Қалтайқызымен 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп,бүгінгі таңда олардан 14 немере, 2 шөбере сүйіп отыр. 

Еңбек жолы

         Керімжан Сейтжанұлы алғашқы еңбек жолын 1962-1964 жылдары «Шілік» кеңшарында тракторшы болып бастаған. 1964-1969 жылдары ҚазХТИ-ң механикалық факультетінде оқып,инженер-механик мамандығын бітірген. 1969-1971 жылдары ҚазХТИ-ң МАХП кафедрасында ассистент болып, оқытушылық қызметін бастады. 1971-1972 жылдары Шымкент пресс-автоматтар зауытының Бас технолог бөлімінің инженер-конструкторы болып, озат өндірістік-технологиялық тәжірибе жинақтады. 1973-1976 жылдары Мәскеу химия машиналарын жасау институтының аспирантурасында оқып, техника ғылымдарының  кандидаты ғылыми дәрежесіне «Химия өндірісінің жоғары қысымдағы агрегаттарының берік және тығыз қосылыстарының жұмысына құрылымдық өлшемдерінің әсерлерін зерттеу» тақырыбында диссертация қорғады.

Керімжан Сейтжанұлы 1969-1971, 1976-1978 жылдары ҚазХТИ-да оқытушы, 1978-1988 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, директордың оқу-жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерінабыроймен атқарған еңбек жолында,оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарында талапшыл, ұқыпты да жауапкершілігі жоғары оқытушы, білгір басшы ретінде таныла білді.

Кеңес одағы тарап, Еліміз егемендікке қол жеткізіп, қоғамдық, әлеуметтік салалардың, нарықтық экономиканың талаптарына сай өзгеріп жатқан өтпелі кезеңде де 1988-1994 жылдары Керімжан Сейтжанұлы ҚазХТИ-да факультет деканы, кешкі және сырттай оқу жұмысының проректоры, оқу-әдістемелік жұмысының проректоры қызметтерін абыройлы атқарды.

1994-1996 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Оңтүстік бөлімінде ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылыми хатшы болып, академик О.С.Балабековтың жетекшілігімен республикамыздың Оңтүстік аймағындағы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында) өндірістік қуаттарды дамыту бағытында ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі үлесін қосты. Осы кезеңде ол жоғары жылдамдықтағы масса алмасу процесінің ерекшеліктерін зерттеп, техникалық жаңалыққа 1 патент алып, 9 ғылыми мақалалар жариялады.

1997 жылы 15 қаңтарда бұрынғы автомеханикалық техникум мен совхоз-техникумы бірігіп жаңадан құрылған  Шымкент  агротехникалық колледжіне конкурстық негізде директор қызметіне тағайындалды. Экономикалық дағдарыс және бюджеттік қаржыландырудың қиындығына қарамастан, 1997-2003ж. колледждің Шымкент қаласындағы және Тассайдағы оқу ғимараттары күрделі жөнделді.Жаңадан 2 зертхана, 1 лингафон кабинеті,      2 компьютер класы жабдықталды.Жатақханаға жылу жүйесі орнатылды, шырша ағаштары питомнигіжасалды. 2000, 2001 ж.ж.Керімжан Сейтжанұлы басқарған Шымкент агротехникалық колледжі облыстың «Жылдың таңдаулы колледжі» байқауларында I және II- орындарға ие болды.

2003-2009ж.ж.Шымкент агротехникалық колледжі«Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі»-деген жаңа атауға ауысып,Керімжан Сейтжанұлының басшылығымен:бұрынғы 4 мамандыққа қосымша, жаңадан  көлік саласының 5 мамандықтары ашылды. Жаңадан 3 компьютер кабинеттері, 4 зертханалар жабдықталып, 1 дана- ВАЗ-2115,

1дана-«ФольксвагенПассат»,2дана-«Шевролет»-оқыту автомобилдері, бульдозер-экскаватор алынды.

Студенттер контингенті 586-дан 2315-ке, оқытушылар саны 37-ден 128-ге артты. 2006 жылғы облыстық «Өмірге жолдама» байқауында колледж ұжымы Бас жүлдені жеңіп алды.

Керімжан Сейтжанұлы 2006ж.  8 қыркүйекте  Қ.И.Сәтпаев атындағы  Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ғылыми диссертациялық кеңесінде техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғады, 2009ж. «геоэкология» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

2009-2010ж.ж. Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен істері институтының докторлық диссертациялық ғылыми кеңесінің мүшесі.

Керімжан Сейтжанұлы- 97 ғылыми және әдістемелік мақалалар мен еңбектердің,    3 ғылыми-техникалық жаңалықтарға алған 2 авторлық куәлік пен1 патенттің, 1 ғылыми жаңалықтың авторы. 2 ғылым кандидатын дайындауға жетекші болды.

2009 ж. 1 қыркүйегінде зейнеткерлікке шықты.

2010 жылдың маусым айынан «Оңтүстік» корпорациясының құрылтайшылығымен ашылған «Инновациялық-технологиялық колледжі» жеке мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.

 

Марапаттаулары:

 1993 ж.тамыз, ҚР  Білім беру ісінің үздігі төсбелгісі.

 1996 ж.қазан, ҚР  Ғылым Министрлігі – Ғылым Академиясының

Құрмет грамотасы.

 1999 ж.қараша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты.

 2001 ж.желтоқсан, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты.

1999, 2002, 2003, 2005, 2013 ж.ж. ОҚО Әкімінің Алғыс хаттары.

2003, 2004, 2005 ж.ж., Шымкент қ. Әкімінің Алғыс хаттары.

 2005ж.қазан, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісі.

 2006 ж.қазан, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі.

 2007 ж.желтоқсан, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты.

 2008 ж.желтоқсан,  «Құрмет» ордені.

  2013ж.тамыз., «Батыр шапағаты» медалі.

 2014 ж.қазан., ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Алғыс хаты.

 2015 ж.ақпан, Қайырымдылығы үшін «Сауап» медалі.

 2016 ж.наурыз, «Экономика мақтанышы» ордені; «Сала жетекшісі» 

Ұлттық сертификаты.

 2018 ж.қазан,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасы.

 2018 ж.қараша, «Астана 20 жыл» мерекелік медалі.