«Семейная гендерная политика Казахстана: достижения и перспектива» тақырыбында пікірсайыс-дебат

26.11.2021ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының ұйымдастыруымен «Семейная гендерная политика Казахстана: достижения и перспектива» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. «Қазақстанда гендерлік саясатты дамыту керек» деп пәндік/циклдік комиссия меңгерушісі З.Шамшиметов бастаған команда жақтап шықса, зиянды жағын колледж әлеуметтік педагогы Ж.Қуанышбекова бастаған команда дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша З.Шамшиметов бастаған жақтаушы команда жеңіске жетті

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған