26.12.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов, педагог-психолог Т.Мұса және колледж медбикесі С.Нұрымбетованың ұйымдастыруымен «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы арнайы іс-шара өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы С.Махатова, Наркология орталығының маманы А.Шаукенбаева, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А.Молдабаева қатысып, колледж студенттеріне синтетикалық шығарылған психикалық-белсенді заттар Қазақстанда да тарала бастағанын, жасөспірімдер арасында шегуге арналмаған темекі өнімдерін тұтынудың үлесі артып жатқанын, қазіргі таңда «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынып жатқанын, өйткені бұл адам денсаулығына қауіпті екендігін ескертті.