«Жастар жұмысы: ғылыми зерттеу және әлеуметтік практика ретінде» тақырыбында колледжішілік ғылыми–практикалық конференция

24-25.12.2019ж. күндері Жол-көлік колледжінде «Жастар жұмысы: ғылыми зерттеу және әлеуметтік практика ретінде» тақырыбында колледжішілік ғылыми–практикалық конференция өтті. Ғылыми – практикалық конференция оқушылар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Конференцияның мақсаты: болашақ жас мамандарды шығармашылыққа баулып, білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың кәсіби мамандығы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, кәсіби біліктілігін арттыру және интеллектісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту сондай-ақ, ақпараттық–инновациялық технологияларды қолдану арқылы педагогтар мен оқушылардың ғылыми ізденісін дамытуға жан – жақты мүмкіндік туғызу болып табылады.
Сегіз бағытта өткізілген ғылыми-практикалық конференцияның нәтижесі бойынша колледж директоры Гүлзат Үкібайқызы «Үздік» – деп танылған ғылыми жобалар мен жоғары шығармашылық ізденіс жұмыстарын көрсеткен студенттерді арнайы Диплом, «Үздік зерттеуші» номинациясы және Алғыс хаттармен марапаттады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған