“СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін, Жол-көлік колледжі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Саналы ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ іс» тақырыбында колледж презентация залында тэдх форматта кездесу өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі-филиалының басшысы, аға сот орындаушысы Мұхтаров Мейрам Махсұтұлы, Тұран ауданы әкімдігінің мамандары және психолог маман қатысып, жастар арасында жемқорлықты жою, болдырмау әрекеттерін түсіндірді.
Іс-шара соңында жастарға арнайы парақшалар таратылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған