«ҚЫЗ ТАҒДЫРЫ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйел адам.Ұлтымыздың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның алға қарай жылжуы, өркендеп-өсуі соңында келіп әйелге, болашақта ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.
2023 жылдың 28 қараша күні Абай ауданы жастар орталығы мен Жол-көлік колледжінің жылдық жоспарына сәйкес “Қыз тағдыры- ұлт тағдыры” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Абай ауданы аналар кеңесінің төрайымы Бибіпатима Хамитбекова, 51-ЖОМ-нің бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Сабира Сабырова, Шымкент жоғарғы Авиценна медициналық колледжінің стамотология кафедрасының оқытушысы, врач-стамотолог, «Үлгілі отбасы» байқауы жеңімпазы Мариямана Асилбекова, Абай ауданы Қызылжар шағын ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Әбдікарім Анапия Күлтайқызы қатысты.
Мақсаты: қыздар арасында ұлттық болмысты қалыптастыру.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған