«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8 бабы, 5-тармағына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016ж күнгі №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» туралы бұйрығы негізінде Жол-көлік колледжінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама

             « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8 бабы,5-тармағына сәйкес  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 ж.күнгі  №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» туралы бұйрығы  негізінде  Жол-көлік колледжінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін, ішкі талдау жүргізу мақсатында, «Жұмысшы тобы» құрылып,оның бағыттары айқындалынып,нақты обьектілері белгіленді.Ішкі талдаудың өз уақытында және сапалы өткізілуі  – жауапты қызметкерлерге жүктелді.

 01.06.-30.06.2022ж. күндер аралығында  төмендегі бағыттар:

 –  мемлекеттік сатып алуды жүргізу қызметі (арыз-шағымдар немесе басқа да сұрақтар);

 –  кадр бөлімі (жұмысқа қабылдау барысын бақылау мен қадағалау бойынша);

 –  оқу бөлімінің жұмыстары;

 –  талапкерлерді қабылдау қызметі;

 – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – обьектілерінің жұмыстары  бойынша қолданыстағы заңнамаларды негізге ала отырып, тексеріліп,зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ішкі талдау  жүргізу барысында,белгіленген  обьектілер  бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі:

1.Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қызметі бойынша:

4-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары

Ішкі аудит 2019-2021 жылдар аралығындағы мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды қарады.  Берілген мәліметтерге сәйкес  жылдар бойынша мемлекеттік сатып алу келесідей:

2019 жыл

  1. Интернет – 971 899т
  2. Бензин А96 – 612 864т
  3. Бензин А92 – 2 046 240т
  4. Дизелді отын – 60 749т
  5. Кітаптар – 1 966 300т
  6. Газет – журналға жазылу – 400 819т
  7. Әскеи жаттығу – 1 609 058т
  8. 149 ерекшелік бойынша – 38 594 139т
  9. 159 ерекшелік бойынша – 11 760 334т

Жиынтығы: 58 022 402т

2020 жыл

  1. Интернет – 1 118 842т
  2. Бензин А92, А96 – 2 567 166т
  3. Жас маман – 281 164 999т
  4. Күрделі жөндеу – 100 074 989т
  5. Газет – журналға жазылу – 431 301т
  6. 149 ерекшелік бойынша – 39 809 827т
  7. 159 ерекшелік бойынша – 37 869 625т

Жиынтығы: 463 037 049т

 

2021 жыл

  1. Интернет – 943 040т
  2. Бензин А92 – 1 829 520т
  3. Бензин А96 – 708 064т
  4. Газет – журналға жазылу – 238 340т
  5. Кітаптар – 1 464 400т
  6. 149 ерекшелік бойынша – 11 850 596т
  7. 159 ерекшелік бойынша – 41 246 722т

Жиынтығы: 58 280 682т

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру:

      1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсалған.

      2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер берілген.

      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол берілмеген;

      4) мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы сақталған;

      5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсетілген;

      6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі сақталған;

      7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілмеген;

      8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүргізілген;

      9) сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақталған.

 

5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі

Колледжде мемлекеттік сатып алу процесі  Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР  «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңының 5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесінде көрсетілген тармақшаларға сәйкес жүргізілген:

1) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірленгені және бекітілген;

      2) өнім берушіні таңдаған және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалынған;

  3) мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтылған;

 

39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

Колледжде мемлекеттік сатып алу процесі  Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР  «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңына 39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздерінде

 көрсетілген тармақшаларға сәйкес жүргізілген. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынандай қызметтер мен жұмыстар атқарылған: өрт дабыл қаққыштарына қызмет көрсету, ағаш шатырларды өртке қарсы өңдеу, 1С Бухгалтерия бағдарламасына техникалық қолдау және қызмет көрсету, еңбекті қорғау және өрт қауіпсізгі бойынша оқытушылар мен қызметкрлерді оқыту, баннер жасау, автокөліктерді, қызметкерлерді сақтандыру, көліктерді техникалық байқаудан  өткізу, бейнебақылау камерасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, кондиционерге техникалық қызмет көрсету, проекторларға техникалық қызмет көрсету т.с.с

40-бап. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Колледжде өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жүргізілмеген.

41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Колледжде мемлекеттік сатып алу процесі  Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР  «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңының 41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тармағында көрсетілген тармақшаларға сәйкес жүргізілген. Атап айтқанда: коммуналдық қызмет (су, жарық, жылу, қоқыс шығару), мемлекеттік сатып алу порталы қызметі, оқулықтар сатып алу, баспасөзге жазылу, диплом бланкілерін сатып алу т.с.с

  1. Кадр бөлімі (жұмысқа қабылдау барысын бақылау мен қадағалау) бойынша;

     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 01.06-30.06.2022ж. аралығында Кадр бөлімінің құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, қызметкерлер мен оқытушылардың жеке құрамының бұйрықтары (5жыл және 75 жыл сақталатын), оқушылар құрамы бойынша бұйрықтар, басты іскерлікке қатысты бұйрықтар, жеке іс қағаздар, еңбек кітапшалары, жеке құрам бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабы, оқушылар құрамы бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабы, дипломдарды тіркеу журналы ваканттық орындарды жариялау тәртібі, кадрларды жұмысқа қабылдау бойынша жүргізілетін әңгімелесу хаттамалары және 2021жыл 19 қарашадағы №568 бұйрықтың болуы.

  • Қызметкерлер мен оқытушылардың жеке құрамының бұйрықтары екіге бөлінеді: 5 жыл және 75 жыл сақталатын құжаттар. Біліктілік арттыру курсына оқуға жіберу туралы бұйрықтар. 03-52. Бұйрықтардың барлығы дұрыс.
  • Оқушылар құрамы бойынша бұйрықтар (оқудан шығару, ауыстыру, оқуға қабылдау, сабақтан босату т.б.) Академиялық демалыс беру №506 бұйрығы мен қағидасына сәйкес шығарылған. Қайта қабылдау бұйрығы 2015ж. 20 қаңтар №19.20 тармағына сәйкес шығарылған. Қаржылай көмек көрсету бұйрықтары 2012ж. 12 наурыз №320 қаулысымен шығарылған.
  • Степендия бекіту туралы бұйрықтар дұрыс, қолдары түгел қойылған.
  • Басты іскерлікке қатысты бұйрықтар дұрыс. Басталуы 04.01.2020ж.
  • Жеке құрам бойынша бұйрықтарды тіркеу журналдары толық толтырылған. 5 жыл. 03.05.2022ж.
  • Оқушылар құрамы бойынша бұйрықтарды тіркеу журналы толық толтырылған. Басталуы 04.01.2018ж.
  • Дипломдарды тіркеу журналдары (2 дана) толық толтырылған.
  • 06.2020ж. -17.06.2022ж. 2)17.06.2022ж.
  • Жеке іс қағаздар толық тексерілді. Талапқа сай дұрыс жинақталған.
  • Еңбек кітапшалары талапқа сай дұрыс толтырылған.
  • Ваканттық орындарды жариялау тәртібі kz сайтында уақытылы жарияланып отырады.
  • Кадрларды, педагогтарды жұмысқа қабылдау бойынша жүргізілетін әңгімелесу хаттамалары бар, арнайы папкаға жинақталған.
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021ж. №568 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагегтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағадалары сақталған.

3.Оқу бөлімінің жұмыстары бойынша;

  1. Стипендия тағайындау бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысыа сәйкес Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы заңына сәйкес оқу бөлімінің жұмыстары зерделенді. Нәтижесі:

 

 

2018-2019

2019-2020

2020-2021

Қысқы сессия:

 

 

 

Конитнгент бойынша оқушылар саны

1350

1323

1303

Стипендия тағайындалғандар саны

1035

 

1012

1152

Пайыздық көрсеткіші

76,6% 

76,4%  

 88,4%

 

 

2018-2019

2019-2020

2020-2021

Жазғы сессия:

 

 

 

Конитнгент бойынша оқушылар саны

994

877

927

Стипендия тағайындалғандар саны

803

 

732

838

Пайыздық көрсеткіші

80,7%  

83,5%  

90,4%

 

– оқушылардың аралық аттестация және қорытынды аттестация кезеңіндегі оқу үлгерім бағалары  зерделенді;

– ішкі тәртіп ережесін бұзған оқушыларға шара көру бойынша (ескерту сөгіс) 

шығарылған бұйрықтармен танысып,стипендиялық комиссияда ескерілгені анықталды;

– көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылардың ыстық тамақ пен жол ақысы бойынша төлемдер тізіміне енуіне байланысты қажетті құжаттардың сәйкестігі  анықталды.

– бюджеттік бос орындарға ақылы топтан ауысатын оқушылардың оқу үлгерімдері және тәртіп бұзушылық жағдайларының болмауы туралы дәлелдемелі құжаттары  мен мәліметтері  зерделенді;

– колледжді үздік бітірушілердің оқу барысындағы 1-4 курс аралығындағы  оқу  үлгерімінің  «Үздікке» сәйкестігі  зерделенді;

  1. Сонымен қатар,бітіруші топтардың:

-дипломдық жобалардың тақырыптары ережеге сәйкес 3 жыл ішінде қайталанбауы ;

– арнайы кестеге сәйкес консультациялардың өткізілуі ;

– дипломдық жобаларды қорғаудың  талаптарына сәйкес жұмыстың жүргізілу барысы ;

 – МБК (Мемлекеттік біліктілік комиссиясы) құрамының талапқа сай 3 жыл сайын ауыстырылылып отырғандығы  анықталынып,зерделенді.

 

4.Талапкерлерді қабылдау қызметі бойынша;

Жол-көлік колледжі қабылдау комиссиясының 2019-2022 жылдардағы жұмыс жүргізу барысы мен құжаттардың рәсімделуінің талапқа сай жүргізілуін және тәуекелдікке мүмкіндігі жоғары тұстарын зерделеу барысында жүргізген жұмыстардың нәтижесі

-Талапкерлерді қабылдау іс- жоспары

Талапқа сай жасалған                

-Кәсіби бағдар беру жұмысының материалдары

Оқытушылардың қала мен қалаға жақын елді  мекендер және аудан мектептеріне жүргізілген  үгіт насихат жұмыстары фото суреттерімен жинақталған.

-Қабылдау комиссиясының бұйрықтары

Талапқа сай жасалған

-Құжат қабылдау ережелері

Талапқа сай жасалған

-Тіркеу журналдары(қағаз, электронды)

Уақтылы,талапқа сай,сауатты толтырылған

-Жиналыс хаттамалары

Жұмыс жоспарына сәйкес жиналыстар өткізіліп,уақтылы хаттамалар толтырылған

-Емтихандық тізім

Емтихандар кесте бойынша талапқа сай алынып,құжаттар толтырылған

-Мамандықтар сипаттамалары

Мамандықтар сипаттамалары нақты көрсетіліп,жарнама қағаздары екі  тілде дайындалған

-Лицензиялар

Барлық мамандықтар бойынша лицензиялар бар

-Қабылдау комиссиясына жауапты хатшының бекітілу ұзақтығы

Қабылдау комиссиясына жауапты хатшының бекітілу ұзақтығы 3 жылдан артпаған:

2017-2018 оқу жылы,2018-2019 оқу жылы,2019-2020 оқу жылында жауапты хатшы:Сакбаева Н

2020-2021 оқу жылы,2021-2022 оқу жылында жауапты хатшы:Утемалиев С.

2022-2023 оқу жылында жауапты хатшы:Тәліп Е.

         2020-2021 оқу жылынан бастап колледжге талапкерлерді  қабылдау ережелерінде түбегейлі өзгерістер енгізілген.Талапкерлердің  құжаттары Шымкент қалалық білім басқармасының сайты арқылы конкурспен іріктеп алынған тізім бойынша қабылданады.Сондықтан талапкерлерді қабылдау бағыты бойынша колледжде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік болуы мүмкін емес.

Жол-көлік колледжі қабылдау комиссиясының 2019-2022 жылдардағы жұмыс жүргізу барысы мен құжаттардың рәсімделуінің талапқа сай жүргізілуін және тәуекелдікке мүмкіндігі жоғары тұстарын зерделеу барысында жүргізген жұмыстардың нәтижесі

-Талапкерлерді қабылдау іс- жоспары

Талапқа сай жасалған                

-Кәсіби бағдар беру жұмысының материалдары

Оқытушылардың қала мен қалаға жақын елді  мекендер және аудан мектептеріне жүргізілген  үгіт насихат жұмыстары фото суреттерімен жинақталған.

-Қабылдау комиссиясының бұйрықтары

Талапқа сай жасалған

-Құжат қабылдау ережелері

Талапқа сай жасалған

-Тіркеу журналдары(қағаз, электронды)

Уақтылы,талапқа сай,сауатты толтырылған

-Жиналыс хаттамалары

Жұмыс жоспарына сәйкес жиналыстар өткізіліп,уақтылы хаттамалар толтырылған

-Емтихандық тізім

Емтихандар кесте бойынша талапқа сай алынып,құжаттар толтырылған

-Мамандықтар сипаттамалары

Мамандықтар сипаттамалары нақты көрсетіліп,жарнама қағаздары екі  тілде дайындалған

-Лицензиялар

Барлық мамандықтар бойынша лицензиялар бар

-Қабылдау комиссиясына жауапты хатшының бекітілу ұзақтығы

Қабылдау комиссиясына жауапты хатшының бекітілу ұзақтығы 3 жылдан артпаған:

2017-2018 оқу жылы,2018-2019 оқу жылы,2019-2020 оқу жылында жауапты хатшы:Сакбаева Н

2020-2021 оқу жылы,2021-2022 оқу жылында жауапты хатшы:Утемалиев С.

2022-2023 оқу жылында жауапты хатшы:Тәліп Е.

         2020-2021 оқу жылынан бастап колледжге талапкерлерді  қабылдау ережелерінде түбегейлі өзгерістер енгізілген.Талапкерлердің  құжаттары Шымкент қалалық білім басқармасының сайты арқылы конкурспен іріктеп алынған тізім бойынша қабылданады.Сондықтан талапкерлерді қабылдау бағыты бойынша колледжде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік болуы мүмкін емес.

 

5.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Анықталғаны

Ескертпе

  1.  

Академиялық демалыс бойынша:

•          Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы №506 бұйрығына сәйкес әзірленгендігін анықтау

•          Білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін тексеру.

-Заңға сай әскерге шақыру анықтама қағазы, өтініштері қосымша тіркеліп, бұйрық шығарылған. Смартнейшн порталына толық енгізілген.

  1.  

Құжаттардың түпнұсқалары бойынша:

•          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес педагогтерің жұмыс жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарына бекітілген тармақтарын тексеру.

-Заңға сәйкес құжаттардың түпнұсқалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

  1.  

Құжаттар қабылдау бойынша:

•          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына сәйкес жұмысқа немесе оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының бекітілген номаларын зерделеу.

-2019-2021 оқу жылдарындағы студенттердің құжаттарын қабылдау бойынша жұмыс дұрыс жүргізіліп жатыр. Қосымша тіркеу жураналдары да талапқа сай. Смартнейшн порталының да базасында барлық бала саны толық енгізілген.

 

  1.  

Білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы:

•          «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1- тармақшасына сәйкес әзірленген және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтамалар беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сақталғандығын анықтау.

-Заңға сай

1.               Анықтама нөмірі, күндері, қолдары толық.

2.      Талапқа сай анықтама толтырылып, студенттердің тиісті орындарына беріліп жатыр. Смартнейшн порталында толық енгізілген.

 

  1.  

Білім алушыларға жатақхана беру тәртібі бойынша:

•          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларының дұрыс жүргізілу барысын зерделеу.

•          Жатақханалардағы орындарды конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссиямен анықтау тәртібі;

-Студенттер жатақхана үшін арнайы комиссиядан өтіп, өтініштері толтырылып, жолдама беріледі. Қажетті құжаттар жинақталып, төлемақыны растау қағазы қосымша тіркеледі. Смартнейшн порталында бала саны толық енгізілген.

 

  1.  

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелері туралы:

•          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 218 бұйрығына сай білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдауларын анықтау.

-Ауыстыру үшін сұраныс хаттар өз папкасымен тіркелген, Қайта қабылдау немесе ауыстыру үшін ата-анасының өтініштері тіркелген. Смарнейшн порталына тіркелген.

 

-Бұйрық 2015 жылдың 20 қаңтарындағы №19 бұйрық негізінде қалып қойған.

  1.  

Тегін тамақтандыру бойынша:

•          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығын негізге ала отырып ұсынылған қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы білім алушыларға тегін тамақтандырудың іске асып жатқандағын анықтау.

-Тегін тамақтануға құжаттар толық толтырылған. Ата-аналардың өтініші, бөлім меңгерушісі мен топ жетекші келісімдері қосымша тіркелген. Әр баланың құжаттары жинақталып, жылына 2 рет өтініш толтырылып, арнайы папкада сақталған. Смартнейшн порталында толық енгізілген.

 

 

Қорытынды:

Ішкі талдау  жүргізу нәтижесі бойынша белгіленген  обьектілер  жұмысының талапқа сай  жүргізіліп, нәтижелі үйлестірілгендігі  және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмегендігі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың  болмағандығы анықталынды.

 

Тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар:

– азаматтардың (ата-аналар,білім алушылар,т.б. жеке тұлғалар)  цифрлық технологияны әлі де ,толық меңгере алмауынан  (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматта толық жүргізе алмауы) білім беру ұйымындағы  мемлекеттік қызмет көрсету орталығына жиі жүгінетіндігі анықталғандықтан,қоғамда қарапайым халықтардың назарына «цифрлық құжат айналымдарының» жүргізілу тәртіптерін жарнамалау ісі үздіксіз жүргізілсе (халыққа таныстырылып отырса).

– білім беру ұйымының өз қызметінде басшылыққа алатын номенклатуралық құжаттары (ҚР заңдары, ҚР білім және ғылым министрлігінің ережелері, нұсқаулары, т.б.) сондай-ақ,білім мекемесінің жұмыстары бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жаңарып отыруына байланысты,өзгерістерді өз уақытында ескеріп отыру….

 

Ескертпе:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат білім беру ұйымының ресми сайтында жарияланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған