05.09.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауын колледж оқытушылары мен қызметкерлері және оқушылары арасында талдау жүргізіп, қолдау көрсетті. Мәжілісті «Nur Otan» партиясы Абай аудандық «Тәуелсіздік» бастауыш партия ұйымының төрағасы, колледж директоры Г.Ү. Искакова ашып, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы халық әлеуетін көтеруге арналған бағыттары жөнінде өз пікірін білдірді. Жолдауды талқылау және қолдау жиынына «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Қ. Бертаев қатысты.