Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

11.09.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын колледж оқытушылары мен қызметкерлері және оқушылары арасында талдау жүргізілді. Жолдауды талдау жиынын Жол-көлік колледжінің директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызы ашып, жиынға келген қонақтарды таныстырды. Жолдауды талдау жиынына Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамудин Нәштайұлы, Шымкент қаласы әкімінің аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қалмұратов Мұратәліұлы Оразәліұлы, Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы және Абай ауданы әкімінің орынбасары Бурлибаев Санжар Тасқынбайұлы қатысып, талдаудың негізгі бағыттары бойынша өз пікірлерімен бөлісті және қолдау көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған