Талапкерлерге арналған «Ашық есік» күні өтті

19.04.2019ж. күні  Жол-көлік колледжінде 2019-2020 оқу жылына оқуға түсуге үміткер – талапкерлерге арналған «Ашық есік» күні өтті. Бұл іс-шараға Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты мектептерден 600-ге жуық оқушылар қатысты. Іс-шараны колледж директоры Г.Ү.Искакова салтанатты түрде ашып, колледжде оқытылатын мамандықтар бойынша жан-жақты, толық, кәсіби бағдар бере отырып, колледж жетістіктеріне де тоқталып өтті. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы талапкерлерді қызықтырған сұрақтарға нақты, толық қанды жауап берді. Жиын, колледж студенттерінің шағын консерттік бағдарламасына ұласты. Іс-шара соңында мектептерден келген оқушылар колледж базасымен танысты

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған