«Топ жетекшінің ролі – тәрбие жұмысының негізгі тетігі» тақырыбында топ жетекшілермен коучинг өткізілді.

29.04.2022ж. Жол-көлік колледжінің «Топ жетекшілер» бірлестігінің «Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұратымыз» атты апталығының жоспарына сәйкес колледж мәжіліс залында «Топ жетекшінің ролі – тәрбие жұмысының негізгі тетігі» тақырыбында топ жетекшілермен коучинг өткізілді. Коучингте топ жетекшілер төрт топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Сайыс барысында ситуациялық ойындар ойнатылып, топ жетекшілер әр түрлі типтегі топ жетекшілерді сомдады. Колледж писхологы Т.Мұса көрермендер арасында психологиялық ойындар ойнатып, тренгинг өткізді. Коучинг соңында колледж директоры Г.Ү.Искакова топ жетекшілер бірлестігі апталығының жоғары дәрежеде өткенін айтып, алғыс білдірді. Келесі жылы бұдан да жоғары табыстарға қол жеткізіп, жоғары деңгейде өткізуіне тілек білдірді. Қатысушы топ жетекшілерге естелік кәдесыйлар табысталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған