«Тәрбие басы – тал бесік» тақырыбында асыл аналармен кездесу өтті.

2.05.2024 ж. күні «Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» атты топ жетекшілер бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес колледж мәжіліс залында «Тәрбие басы – тал бесік» тақырыбында асыл аналармен кездесу өтті.
Топ жетекшілер колледжде оқитын студенттердің аналарын арнайы шақырып, ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайтып, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіретін өте мағыналы, тәлім-тәрбиесі бар бейнероликтер көрсетіп, сыр-сұхбат ұйымдастырды. Кездесуге аналар, оқытушылар, студенттер қатысты.
Колледж директорының м.у.а А. Акмулдаев қашанда бақыттың бастауы, берекенің ұйытқысы – ананың орны ерекше екенін айтып, ақжаулықты аналарға жылы лебізін білдірді.
Экраннан залдағылар әсерлі ана туралы өлеңдер айтып, өнерпаз студенттер ән-күйден шашу шашты. Өнегелі өмір иелері кеш жүргізушілері қойған сауалдарға тұщымды жауап беріп, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, салт-дәстүрлер төңірегінде әсерлі сыр-сұхбат өрбітті. Сұхбат барысында ата-аналар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, балаларының болашаққа деген көз-қарастарын айтты. Колледж ұжымына алғыс, тілектерін жаудырып, көтеріңкі көңіл-күйде тарады. Топ жетекшілер «кәде сый» жасап, ардақты аналарды құрметтеп, иықтарына ақ жібек орамал жапты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған