«Әкеден – асыл сөз» тақырыбында білім алушылардың асқар тау әкелерімен кездесу өтті.

3.05.2024 ж. күні «Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» атты топ жетекшілер бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес колледж мәжіліс залында «Әкеден – асыл сөз» тақырыбында білім алушылардың асқар тау әкелерімен кездесу өтті.
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайтып, ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты әкенің орны ерекше екенін ұғындырып, әкеге деген бала махаббатын оята білген бүгінгі кездесу есте қаларлық болды.
Әкеге құрмет көрсеткен білім алушылар «Әкеге алғыс» әнімен қошаметтеп қарсы алды. «Әкелердің бөлек екен тұлғасы», «Әкеден артық жан бар ма?», «Әкеге балаларының тілегі» тақырыбындағы монологтар өте әсерлі толғандырды. Ұйымдастырушы топ жетекшілер оқуда озат, спорт жарыстары мен олимпиадаларға, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген үздік студенттердің әкелеріне сөз беріп, ортаға шақырып тренинг ойындар ойнатты. Алтындай уақыттарын бөліп келген ұл баланың бәйтерегі, қыз баланың қамқоршысы әкелерге үлкен алғыс айтып, құрметтің белгісі деп «кәде-сый» жасады. Кеш соңында «Әкеге құрмет» бейнеальбомын барлығы бірге тамашалады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған