«Тalap» КЕАҚ бас тренері – бізде қонақта!

18.04.2022ж. «Тalap» КЕАҚ бас тренері – Сабирова Роза Балташқызы және әдістемелік орталықтың «Білім сапасын басқару және менеджмент» бөлімінің ТжКБ бойынша әдіскері Исаева Эльмира Жол-көлік колледж базасында «Тalap» КЕАҚ штаттан тыс тренері З.Шамшиметовтың топ тыңдаушыларымен кездесіп, тыңдаушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Курс «Talap» КЕАҚ колледж педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Осы бағдарлама аясында І кезең 29.03-15.04.2022 ж. күндер аралығында өтілді. ІІ кезең 18.04 күннен бастау алды.
Мәртебелі қонақтар кездесу соңында колледж тыныс-тіршілігімен, колледж музейімен танысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған