Шымкент қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «SANALY URPAQ» слетының қорытындысы өтті

12.12.2023 ж. Жол-көлік колледжінің акт залында Шымкент қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «SANALY URPAQ» слетының қорытындысы өтті. Колледж фойесінде қалалық «Адал ұрпақ» көрмесі және «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында сурет көрмесі қойылды. Іс-шараға келген қонақтар колледж студенттерінің «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» флешмобын тамашалады.
Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре Зайдуллаұлы және Шымкент қаласы білім басқармасы басшы орынбасарының міндетін атқарушы Сауытов Тұрар Абдуалиевич, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, қоғам қайраткерлері – Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, Наимбекова Айжан Избасхановна құттықтау сөз сөйледі.
«SANALY URPAQ» клубтары арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын дамыту мақсатында өткен слетіне қатысқаны үшін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шамшиева Нургуль Акылбековнаның Алғыс хатымен «Жол-көлік колледжі» және белсенді қатысқан бірнеше колледждер марапатталды.
Слеттің жабылу салтанатында ән мен жырдан шашу шашылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған