«Ғаламтор мен әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді.

15.03.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес «Ғаламтор мен әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. «Интернет пен әлеуметтік желілердің жақсы жақтары өте көп» – деп күндізгі бөлім меңгерушісі Б.Темірқұлов бастаған команда жақтап шықса, «Ғаламтор мен әлеуметтік желінің зияны көп. Оған тәуелді адам рухани мешеу болады» – деген ұстанымдарын тағы бір күндізгі бөлім меңгерушісі Б.Нышанәліұлы бастаған команда дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға оқытушылар мен қызметкерлер, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Б.Нышанәліұлы бастаған команда жеңіске жетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған