«Қазақстанға АЭС салу керек пе?» тақырыбында пікірсайыс-дебат

29.10.2021ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының ұйымдастыруымен «Қазақстанға АЭС салу керек пе?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Бұл дебаттың өзге дебаттардан ерекшелігі – бұл іс-шараға колледжіміздің ұстаздары бастаған студенттерден құралған командалар сайысқа түсті. ТМ9-203 тобының студенті Жұмабек Мейрамбек пен ТМ9-201 тобының студенті Даулетқалиұлы Даниярдан құралған жақтаушы команданы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешімов бастап шықса, ОДД9-191 тобының студенті Өтеген Ұлпан мен ТМ9-216 тобының студенті Есенгелді Ілиястан құралған даттаушы команданы ақпараттық технологиялар және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Е.Д.Тәліп алып шықты.
Іс-шараға колледж директоры Г.Ү.Искакова, Чернобыль апатының ардагерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Б.Р.Ешімов бастаған жақтаушы команда жеңіске жетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған