







06.01.2021ж. күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы Шымкент қаласына келген арнайы іс-сапар барысында Шымкент қаласы Әкімінің орынбасары М.Шыңғыс және Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тажиевамен бірге жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы -Жол-көлік колледжіне келіп, колледждің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Жас маман» жобасы аясында халықаралық стандарттар талаптарына сай соңғы заманауи үлгіде алынған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар Асхат Қанатұлы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты ТжКББ ұйымдарының басшыларымен кездесіп, жалпы педагог қызметкерлерді толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарына жауап берді.