1402000, 1410000 мамандықтарының арнайы пәндері циклдік комиссиясының «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында ашық апталығы бастау алды

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен Жол-көлік колледжінің оқытушылары бірыңғай жоспарға сәйкес оқу-тәрбие процесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды үздіксіз атқаруда.
2020-2021 оқу жылының іс-шаралар жоспары бойынша 11.01-15.01.2021ж. күндері 1402000, 1410000 мамандықтарының арнайы пәндері циклдік комиссиясының «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында ашық апталығы бастау алды. Апталықтың іс-шаралар жоспары бойынша карантин талаптарына сәйкес, қашықтықтан оқыту жүйесі негізінде бүгін колледж кітапханасында арнайы пән оқулықтары мен мамандықтарына сәйкес үздік макеттер көрмесі өтті. Сонымен қатар колледж студенттерінің сапалы біліммен қатар, өз мамандықтарын терең меңгеруге мүмкіндіктер туғызу мақсатында арнайы пән оқытушысы С.П.Бидайбековтың «Қозғалтқыштың жұмыс циклдері» тақырыбындағы бейнесабағы COLLEGE SmartNation сайтына жүктеліп, колледж студенттерінің назарына ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған