25.09.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде «Қылмыссыз балалық шақ» айлығының аясында өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беру, жат қылықтардан аулақ болуды үйрету мақсатында «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Аталмыш іс-шараға №13 Шымкент қалалық орталық емханасының дәрігер акушер-гинекологы – М.С.Мұратова, дәрігер терапевт Д.Д.Джаймағанбетова және медицина қызметкерлері В.Гуцалов пен А.Дүйсенова қатысып, қыз тәрбиесі және қазіргі таңда қыз балалары арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар, олардың алдын алу жөнінде жан-жақты айтып өтті және міндетті әлеуметтік сақтандыру жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, сонымен бірге психолог маман Қ.Ұ.Бекмуратова арнайы тренинг ұйымдастырды.