«Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» онкүндігі

31.01-01.02.2019ж. күндері Жол-көлік колледжінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» онкүндігі аясында «Сенім», «Рухани байлық» және «Өміріңді бағала» тақырыптарында іс-шаралар өтті. Іс-шаралар аясында колледж студенттерінің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру және өмірді бағалай білу мақсаттарында арнайы дайындалынған бейнефильмдер көрсетілді. Сонымен қатар, студенттер адамзаттың рухани байлығы болып есептелетін көркем әдебиеттер мен ақын-жазушылардың тың шығармаларымен терең танысып, өзара пікір алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған