«Құқық бұзушылық – қоғам дерті» тақырыбында іс шара

Жол-көлік колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылық – қоғам дерті» тақырыбында құқық қорғау қызметкерлері мен колледж студенттері арасында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент ҚПД ЖҚПБ инспекторы Б.К Жұмабеков, Шымкент ҚПД ЖҚПБ ЮПБ подполковнигі, аға инспектор С.Е.Мамытов, Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ полиция майоры Б.Ж.Жүсіпбек, колледждегі жастар комитетінің төрағалары А.А.Жолбарисов пен П.Р.Абдразахова және бөлім менгерушілері мен оқу топтарының жетекшілері қатысты. Аталмыш жиынды колледж директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов ашты. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, сонымен қатар, түнгі жүрістердің зардабы, т.б. жөнінде көптеген мәліметтер келтіріліп, талқыланды және бейнефильдер көрсетілді. Сондай-ақ кәмілетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 23.00.–ден кейін ата-анасы немесе заңды өкілінсіз жүруге тиым салынатындығын және әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері рейдтік шаралар ұйымдастырылатындығы ескертілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған