Үздік деп танылған ТМ-9-212 оқу тобы көршілес Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд қалаларына саяхатпен барып қайтты.

Жол – көлік колледжінің 2022-2023 оқу жылының рейтинг көрсеткіші негізінде үздік деп танылған ТМ-9-211 оқу тобының студенттері 26-28 мамыр күндері аралығында көршілес Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд қалаларына саяхатпен барып қайтты. Мұндай іс-шара Жол-көлік колледжінің оқу топтары арасында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың білім сапасы мен белсенділігін арттыру болып табылады. Топ студенттерінің білім сапасына, үлгеріміне, қоғамдық жұмыстарға және мәдени іс-шараларға, т.б. рейтинг көрсеткіштеріне сүйене отырып, «үздік» деп танылған топ студенттері колледждің студенттер кәсіподақ ұйымының демеушілігімен жыл сайын әртүрлі қалаларға саяхаттап қайтады. Колледждің «Үздік топ оқушылары» Ташкенттің атақты Besh Kazan орталығында, содан соң Yulduzlar muzeyi, Parvozli teatr-ында, сосын кешкі салқында Magic city орталығын тамашалады. Саяхаттың екінші күнінде Самарқанның үш медреседен тұратын басты тарихи архитектуралық ансамбль алаңы – Регистанда болды, сонымен қатар Бибі-ханымның кесенесі мен мешітін және 600 жылдық тарихы бар Сиаб базарымен танысып, үлкен әсер алып қайтты.

Journey through the gaming panorama at Glory's panoramic gaming vista , where vistas expand.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған