«Үздік педагог-2022» байқауы

28.01.2022ж. Жол-көлік колледжінің «Үздік педагог-2022» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау нәтижесінде І орынды Садырбай Мөлдір Әбдіханқызы, жүлделі ІІ орынды Жарқынбекова Тоқжан Асқарқызы иеленсе, екі ІІІ орынды Бердібаева Ғалия Серікқызы мен Баумұратов Болат Бекболатұлы өзара бөлісті.
«Жаңашыл педагог» номинациясымен Өндірбай Нұрсұлтан Мырзагелдіұлы, «Ізденімпаз педагог» номинациясымен Жұмабаева Римма Әлішерқызы марапатталды.
Жол-көлік колледжі ұжымы атынан жеңімпаз Мөлдір Әбдіханқызына қалалық байқауда жоғары нәтижеге қол жеткізе беріңіз деп тілек қосамыз.
Жүлдегерлерді, номинация иегерлерін құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған