Үстел теннисінен колледжішілік жарыс өткізілді

11.04.2023 жылы колледж спорт залында «Білімді жастар – болашақтың тірегі» тақырыбындағы үйірме апталығының жоспарына сәйкес дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Н.Билеровтың жетекшілігімен ұлдар және қыздар арасында үстел теннисінен колледжішілік жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысына сәйкес қыздар арасында ОДД9-221 тобының студенті Әбілда Данагүл 1-орынға жайғасса, 2-3 орындарға сәйкесінше ТҰРАТ9-211 тобының студенті Беласар Сымбат пен ОПУЖТ9-211 тобының студенті Ахмет Айя ие болды. Ұлдар арасында ОДД9-221 тобының студенті Тұрғанов Қалмырза 1-орынға жайғасса, 2-3 орындарға сәйкесінше АЭ9-223 тобының студенті Нұсқабай Арман мен ТМ9-203 тобының студенті Нышан Асыл ие болды.
Жарыс жүлдегерлері грамоталармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған